Қылмыстық істе 11 күдікті бар
Сенатор Марат Қожаев Қызылордада секс-құлдыққа түскен оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысынан соң депутатқа «Қызылордада (секс-құлдыққа түскен) қыздың ісі туралы айтыңызшы. Қылмыс сіз ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тұрған кезде жасалды. Қазір осы іске қатысты туындаған шу бәсеңдеген сияқты. Пікір білдіре аласыз ба?» деген сұрақ қойылды.
Марат Қожаев істің толық мән-жайы сотта белгілі болатынын айтты.
Менің ойымша, шудың бәсеңдегені дұрыс. Себебі, оқиғаның барлық нюансын, мән-жайын білмей жатып, қорытынды жасау қиын. Өмір көпқырлы. Сот болады. Онда оқиғаның мән-жайына толық құқықтық баға беріледі. Сол кезде біз шындықты білеміз, - деді сенатор.
Экс-министр еңбек тәжірибесінде осыған ұқсас істер көп болғанын жеткізді.
«Мен – 30 жылдық тәжірибесі бар тергеушімін. Осыған ұқсас жағдай көп болған. Қоғамдық резонанссыз әділ, объективті, тиісті шешімдер мен үкімдер шығарылды. Бізде жазасын өтеу орындарында көптеген қылмыскер отыр. Олардың ісі бойынша қоғамдық резонанс болмаған», - деді Марат Қожаев.
БАҚ өкілі «Бұл қылмысқа қатысы бар барлық адам жазасын алады деп кім кепілдік береді? Қылмыстық іс сотта жабық түрде қаралады ғой?» деп сауалын нақтылады.
Депутат сот шуға көп мән берілмейтінін атап өтті.
Маған журналистердің логикасын бақылау қызық. Сіздер шу шығарсаңыздар... Иә, бұл істі тыңғылықты қарауға ынталандырады. Алайда сотта процестік айғақтар ғана бағаланады, шуға мән берілмейді. Дәлелдер негізінде айыпталушы заң аясында жауапқа тартылады. Соттың жабық өтуінің себебі – ол жерде кәмелетке толмаған адамның мүддесі қорғалады, - деді Марат Қожаев.
Бұған дейін ІІМ Қызылорда секс-құлдыққа түскен оқушының ісі бойынша 11 күдікті барын хабарланған еді. Қазір Қызылорда облысы ПД кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Бұл іс бойынша 9 күдікті қамауда отыр, ал екеуіне «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Істе кәмелетке толмаған 5 адам бар. Істің мән-жайы анықтау үшін жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде, - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.
Еске салайық, Ішкі істер министрі орынбасары Игорь Лепеха қылмыстық іс аясында «клиенттерде» анықталанынын айтқан.