×

Мәжіліс депутаты ұшақта бір адамды аман алып қалды

Оқыс жағдай тұрақтанып, ұшақ әрі қарай ұшуды жалғастырған

 Еркеғали Болатұлы 14.06.2022 | 09:22
фото: toppress.kz

«Air Astana» әуе компаниясы Мәжіліс депутатына жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдіріп, алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.

Айта кетсек, депутат Ғалымжан Елеуов 30 сәуірде «Сеул-Алматы» бағыты бойынша жолға шыққан. Лайнер әуеде болғанда жолаушылардың бірінің қан қысымы төмендеп, есін жоғалта бастайды. Бұрынғы дәрігер Ғалымжан Елеуов жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оған алғашқы медициналық көмек жасаған. Оқыс жағдай тұрақтанып, ұшақ әрі қарай ұшуды жалғастырған.

«Дер кезінде реанимациялық шаралар істеуге мүмкіндік болды. Содан 20-30 минуттан кейін науқас жақсы болып кетті. Ол енді менің азаматтық борышым. Осылай бір адамға көмегім тиіп қалғанына өте қуаныштымын», - дейді Ғалымжан Елеуовтің өзі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама