Halyq Uni логотип
×

19 жастағы алматылық жүргізушінің айыппұлы 7 млн теңгеге жеткен (ВИДЕО)

Ол 195 рет ереже бұзған

 Қымбат Елтайқызы 24.10.2024 | 13:40

Алматы қаласында 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, қаланың 19 жастағы тұрғыны жол ережесін өрескел бұзған болып шықты. Тәртіп сақшылары оны Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында құрықтады.

Бұл жолы да «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі тиімді пайдаланылды. Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көлік жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлын толығымен төлеуге міндетті, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Сақшылар жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама