Бұған дейін Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Түркия астанасындағы теракт кезінде қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айта кетейік, TUSAŞ (Turkish Aerospace Industries Inc) аэроғарыш корпорациясындағы теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Шабуыл жасаған екі адам қаза тапты.
Бұған дейін Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған президент жолдаған жеделхатта.