Halyq Uni логотип
×

Павлодарда мемлекеттік жерді өз бетінше иеленгендер жазаланды

Олар жерді заңсыз пайдаланған

 Қымбат Елтайқызы 24.10.2024 | 13:17
Павлодарда мемлекеттік жерді өз бетінше иеленгендер жазаланды
фото: АШМ

Павлодар облысында мемлекеттік жерді өз бетінше иелену фактісі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ ЖРБК Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Баянауыл ауданы Александровка ауылының тұрғынының өтініші және жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде тексеруге бастама жасады. Тексеру барысында ЖШС-ке пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілгені анықталды, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алайда, ЖШС жер пайдалану құқығын ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жүгінбеді. Осылайша, Жер кодексінің 43-бабы 10-тармағының талаптарын бұзды. Осы факт бойынша тексеру субъектісіне бір ай мерзімге ұйғарым берілді. Ол 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапқа тартылды, – деп қосты ведомство.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 136-бабына сәйкес, бұл әрекет жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу ретінде сараланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама