ҰҚК Шымкентте есірткі зертханасын жойды (ВИДЕО)
Есірткі қылмысы азаймай тұр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласында есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биылғы қазанда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 10 келіге жуық дайын және 60 литр а-PVP сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді, – деп қосты ведомство.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.