Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті

Қымбат Елтайқызы

Оның қандай қылмыс жасағаны белгілі болды

фото: polisia.kz

Шымкент қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.

Көрші елдің құқық қорғаушылары ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін халықаралық іздеу жариялаған. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген, – делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Оны экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.