Halyq Uni логотип
×

«Сабаққа барғым келеді»: Көпбалалы ана көпшіліктен көмек сұрайды

Алты жастағы Саятқа ақ қан диагнозы қойылған

 Ербол Тұрымбет 14.06.2022 | 09:21
«Сабаққа барғым келеді»: Көпбалалы ана көпшіліктен көмек сұрайды
скриншот: видео

Алматылық алты жасар Саят Есенбекке ақ қан диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жілік майын ауыстыру қажет екенін айтады. Ата-анасы баласын шетелде емдету үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Түркияда Саятқа донор табылған. Бірақ қаржы жағы қолбайлау болып тұр екен. Ота жасатуға 50 млн теңге қажет.

«Қыркүйек айынан бастап, баламның құлағы ауырлап, мұрыны бітеліп, мойнынан бездер байқадым. Содан кейін нақты диагнозы анықталды. Бірнеше айдан бері қарқынды түрде емделіп жатырмыз. Беті бері қайтқанымен, жілік майын ауыстырмай жасалған ем дұрыс болмайды», – деді анасы Алима Дүйсенбиева.

Қазір Саятқа ерекше күтім керек. Бұған дейін бірнеше рет химия мен сәулелі терапия алыпты. Ол бала ағзасына аса ауыр тиген көрінеді. Анасы ендігі үміт күрделі операцияда екенін айтады.

Арманым тезірек  мектепке барып, білім алсам деймін. Бауырларымның ортасында болғым келеді, - дейді  Саят Есенбек.

Ата-анасы баласы сыртқатқа шалдыққан күннен бастап, түрлі қорлар мен қайырымдылық топтарға жағдайын айтып жүгінген. Жомарт жандардың көмегімен бүгінге дейін 7 млн теңге жиналыпты. Десе де баланың емі үшін бұл қаржы жеткіліксіз болып тұр.

Саяттың анасына мына телефон арқылы хабарласып, көмектесе аласыздар: 8 (747) 581-80-23.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама