Ақтөбе облысында 15 адам эвакуацияланды

Қымбат Елтайқызы

Қандай төтенше жағдай тіркелгені анықталды

фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері 15 адамды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 1 қабаттағы кіреберісінде балалар арбасы жанды.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын әрі қарай тарамай, шағын алаңда сөндірілді, – деп қосты ведомство.

От болған жағдайда 112 деген нөмірге қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.