Ақтөбе облысында 15 адам эвакуацияланды
Қандай төтенше жағдай тіркелгені анықталды
Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері 15 адамды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 1 қабаттағы кіреберісінде балалар арбасы жанды.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын әрі қарай тарамай, шағын алаңда сөндірілді, – деп қосты ведомство.
От болған жағдайда 112 деген нөмірге қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.