Қазақстандық стартап халықаралық байқауда топ жарды

Қымбат Елтайқызы

Жастардың еңбегі елдегі басты проблеманың бірін шешуге бағытталған

фото: astanahub.com

Қазақстандық стартап халықаралық байқауда топ жарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Build with AI for Sustainable Growth бағдарламасы аясында Кавказ бен Орталық Азия елдерінің 21 стартабы Astana Hub алаңында бақ сынасып, қазақстандық студенттер әзірлеген JolQal.ai стартабы жеңімпаз атанды, деп мәлімдеді Astana Hub.

Біз мемлекетке жол ақауларын анықтауға, мердігерлер жұмысын бақылауға және жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға көмектесеміз. Стартабымыз жұмысын былтыр қарашада бастады. Осы уақыт аралығында бірнеше пилоттық жобаны жүзеге асырып, Алматыда іске қостық. Қарашада Сингапурге барып, басқа елдер мұндай мәселелермен қалай күресетінін зерттеуді жоспарлап отырмыз, – деді JolQal.ai стартабының негізін тең қалаушы Нұрмұхамед Зибатқалиев.

Грузиялық Airth стартабы екінші, ал әзірбайжандық FarmForward үшінші орындарды иеленді.

Build with AI for Sustainable Growth жобасын StrategEast ұйымы Google-мен әріптестікте және Astana Hub пен USAID қолдауымен ұйымдастырды.