Түркістан облысында барымташы ұсталды

Қымбат Елтайқызы

Тағы бір мал ұрлығы тіркелді

фото: Halyq Uni

Түркістан облысында ауылдасының малын ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, Жетісай аудандық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді.

Күдікті жігіт көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Ол түнгі уақытта бөтеннің үй жайына заңсыз кіріп, қорада байлаулы тұрған бір бас сиырды жымқырып, таңертең мал базарына 175 мың теңгеге сатып жіберген.  Осылайша, жәбірленушіге 300 мың теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары қолды болған сиырды тауып, иесіне қайтарды, – делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда күдікті жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.