Мерекеге орай жүзден аса шара ұсынылады
Астананың бес ауданында Республика күніне арналған концерттер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, бас қаланың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді.
Олар келесі орындарда ұйымдастырылады:
Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.
Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған. Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.