Halyq Uni логотип
×

Қызылордада жаға ұстатарлық жағдай болды

Анасы, ұлы інісін жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін кездейсоқ естіп қалған

Қызылордада жаға ұстатарлық жағдай болды
фото: ашық дереккөзден

Қызылордада 12-14 жастағы мектеп оқушылары, бастауыш сыныптағы ұл баланы зорлап келген деген күдік бар. Бұл туралы жәбірленушінің анасы айтты. Айтуынша, ұлы інісін жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін кездейсоқ естіп қалған. Бірден 8 жастағы баласын сұрақтың астына алып, мұны қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Сонда ол өзіне көрші тұратын 5 ересек баланың осылай жасап жүргенін жайып салған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

«72 мектептің қасында  құрылыс аяқталмаған үй, времянка бар. Сол үйде болатын болған. Сосын Мағжанның қорасында болатын болған. Бала көрсетті, көрдім оны. Сол үйдің ішінде болатын болған. Былтырдан бері жалғасып келген, нақты соңғы жасағандары белгісіз. Мама, білмеймін дейді», - жәбірленушінің анасы. 

Анасы мектеп тарапынан тәрбие- іс жөніндегі меңгеруші хабарласып, қазақылыққа салынып кешірім беруді сұрады дейді. Қалалық білім бөліміндегілер мұны жоққа шығарып отыр. Олар тәрбие іс жөніндегі меңгерушіге ешқандай тапсырма берілген жоқ,- дейді.

«Тәрбие- іс жөніндегі орынбасары ондай болды деп айта алмаймын. Себебі мұндай тапсырма ешкімге берілген жоқ. Басқа мәселе болу керек. Баланың жағдайы, қалай болды. Мүмкін олардың тарапынан да білгісі келген шығар. Психологиялық тұрғыда қажет етеді ма», - Қызылорда қаласы білім бөлімінің уақытша м.а. Шолпан Оралбайқызы. 

Жәбірленушінің ата-анасы балалардың үйіне барған. Ол бәрінің көзінше кінәсін мойындағанын жеткізді. Бірақ күдіктілердің кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты іс 24 сағат ішінде жабылғанын айтты.

Құзырлылардың мәліметінше, «бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кәмелетке толмаған балалар ішкі істер органдарының есебіне алынып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі».

«Аталған іс бойынша Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау)  қылмыстық істің тіркелу дерегіне түсіндірме берді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал кейбір аса ауыр қылмыстар бойынша 14 жастан басталады. Қаралып отырған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған балалар 12-13 жаста болғандықтан, олардың ата - аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды», дейді Қызылорда қалалық ПД баспасөз хатшысы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама