Halyq Uni логотип
×

Шымкентте дәмханада отырғандардың бірі екіншісінің бетінен атқан

Күдіктіні сот 16 млн теңге айыппұлмен кепілге шығарған

 Халық үні 23.10.2024 | 07:53
Шымкентте дәмханада отырғандардың бірі екіншісінің бетінен атқан
фото: yandex.kz

Шымкентте дәмханалардың біріндегі атысқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиғаның бейнесі Kozachkov offside парақшасында пайда болды. Бір үстел басында отырған ер адамдар арасында жанжал туындаған. Артынша біреуі травматикалық қаруды алып, қарсыласының бетінен екі рет атып жіберген.

Абырой болғанда, жәбірленуші аман қалды. Қазір ауруханада. Оқиғаға қатысты қару-жарақ бұзақылығы және қаруды заңсыз сатып алу, сақтау бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні сот тергеу кезеңінде қамауға жібермей, 16 млн теңге айыппұлмен кепілге шығарған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі «ер адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалғанын» хабарлады.

Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды, сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама