Halyq Uni логотип
×

Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ (ВИДЕО)

Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылды

 Халық үні 22.10.2024 | 22:15
Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ (ВИДЕО)
фото: Алматы облыстық полиция департаменті

Алматы облысының Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық полиция департментіне сілтеме жасап.

Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді.

Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Күдіктінің қалай қашқанын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Жағдайды облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауға алған.

Зорлық бойынша күдіктінің кім екені анықталды. 

Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздестіріп жатыр. Ол – 26 жаста, 30.05.1998 жылы туған. Талғар ауданы Тереңқара ауылының Новостройка көшесі, 216 үй тұрғыны. Іздеудегі адам туралы мәлімет болса, дереу полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны да жазылған.

ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша ісі қаралып жатқан күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Абырой болғанда, оны арқаннан уақтылы түсіріп үлгерді. Дегенмен бүгін түстен кейін ол қашып кетті. Барлық қызметкерлер оны іздеуге кіріскен. Бірақ соңғы мәліметтер бойынша оны табу мүмкін болмай жатыр. Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл жарияланған, – делінген 21 қазандағы мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама