Ол есірткі заттарын сату қылмыстық ісі бойынша күдікті екен
Желіде Ақтөбеде түсірілген видео пайда болды. Оның сипаттамасында қара ниқаб киген, қолы қанға боялған қыздың облыстық ПД ғимаратына кіруге тырысқаны жазылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Куәгерлер қыздың айқайлап, полиция департаменті ғимаратының ішінде біреуді шақырып жатқанын баяндаған. Кейін Ақтөбе облысының ПД өкілдері оқиғаға қатысты түсінік берді.
Есірткі заттарын сату қылмыстық ісі бойынша күдікті құжаттарын қайтаруды талап еткен. Құжаттар қылмыстық іс материалдарында сақталған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.