Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында мас депутат тұрғынды қарумен қорқытқан

Іс облыстық ПД басшылығының бақылауында

 Халық үні 22.10.2024 | 19:34
Қарағанды облысында мас депутат тұрғынды қарумен қорқытқан
фото: Halyq Uni

21 қазанда Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Ахметауыл ауылында белгісіз біреу мас халде жүріп, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Оның үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, «Қорқыту» және «Заңсыз атыс қаруын алып жүру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жәбірленушінің барлық уәжі мұқият тексеріліп жатыр.

Қылмыстық іс Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама