«Салафиттерді қолдап, Түркиядағы әйелдерді паналап жүр»: Дәстүрлі әнші Нұрболхан туралы айтты
Әнші қазақтың о баста сопылық ілімді ұстанғанын айтып өтті
Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram-дағы парақшасында әзілкеш Нұрболхан Шараповты сынға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Айта кетейік, Нұрболхан Шарапов белгілі ақын Светқали Нұржанды «суфист, селкілдеген зікірші» деп атаған болатын.
«Нұрболхан, сауатың болмаса, бұл вахабист-салафиттердің сопылық ілімге жасаған қасақана қиянаты еді. Өзің салафиттердің үргенін қолдаған, айналаңда хиджабшыл, салафит байлары бар, Түркиядан шықпайтын қатындарды паналап жүргеніңді ел біледі. Вахабисттік-салафиттік идеологияның құрбаны болып кімдер Сирияға кеткенін, оны кім жібергенін білесің, мен бастасам, бәрі сотталып кетеді. Сондықтан салафиттерді қолдап, жағымпазданғаныңды қой. Ақиқат қазақтың барлық ғұламалары, сопылық ілімнен шыққаны белгілі. Аруақ, әулиені ширк, ақиқа, сәлем салма, жеті нан пісірме, молаға құран оқыма деген арабтың салт-дәстүрін насихаттайтын аудиоларды жинаса, қазақтың салт-дәстүрі, діни-таным түсінігіне қарсы вахабисттік-салафиттік идеологияның кім өкілдері екенін көруге болады», – деп жазды Айгүл Елшібаева.
Әнші қазақтың о баста сопылық ілімді ұстанғанын айтып өтті.
«Біз, қазақ сопылық ілімді ұстанған, Абу Ханифа мазхабындағы Мәдинада-Мұхамбет, Түркістанда-Қожа Ахмет, Маңғыстауда-пір Бекет деген силсаланы ұстанған сопы қазақпыз. Қожа Ахмет атаң осылай ашық жария зікір салған. Сен тарихыңды білмегесін күліп отырсың. Яссауи тарихаты – ашық зікір, Нағышпандия тариқаты- жабық зікір салады. Біз қазақ аруақты құрметтеген халықпыз. Ширк деп қазақтың діни-танымын бұзған вахабист-салафиттерді ата-бабасының әруағы атсын. Қазір атып та жатыр. Сирияға кетіп өлген, санасы улаған қазақтың мойнында қаны бар, қаскүнемдерді Алланың «Әділ» деген сипатына тапсырдым. Аллаху Әкбар!», – деп түйіндеді ол сөзін.