Астаналықтар жылы қабыл алып, акцияға қосылды
Астанада көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондарына «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында 1000 мемлекеттік ту ілінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Республика күнін мерекелеу қарсаңында қала жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдаған. Мереке қарсаңында жастар осындай ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына осынша ту ілінді.
Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар елорда көшелерінде жүрген жолаушыларды да ерекше әсерге бөлейді. Астаналықтар жылы қабыл алып, акцияға қосылды.
Жұмысқа бара жатқанымда Республика даңғылындағы үйлердің мемлекеттік тумен безендірілгенін көрдім. Мұндай жайт ерекше көңіл-күй сыйлайды. Меніңше, жұрттың ойын күнделікті күйбең тірліктен бөліп, бәріміз бір «үйде» өмір сүретінімізді еске салу пайдалы, - дейді тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, қазір қаланың орталық көшесінде (Тәуелсіздік, Б. Момышұлы, Қабанбай батыр, Тұран, Республика, Қошқарбаев даңғылдары, Нәжімеденов, Сарайшық, Сығанақ, Достық және т.б. көшелер), жол бойында ҚР тулары желбіреп тұр.