Астанада 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Қалада үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі
Жыл соңына дейін елордада 9 білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында.
Ашылатын мектептің 8-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
Оның айтуынша, 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салу жоспарда бар.
Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерсек, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ. Мәселен, қыркүйекте 15 мектеп ашылды. Олардың тоғызы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында іске қосылды», - деді қала әкімі.