Halyq Uni логотип
×

Биыл 30 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілді

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар көмек беру шараларын күшейтіп жатыр

 Динара Амантай 21.10.2024 | 12:02
Биыл 30 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілді
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда биылғы 9 айда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысы аясында 30 мыңнан астам балаға қажетті көмек көрсетілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қолдау білім алуға қолжетімділікті, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмекті, сондай-ақ оңалту іс-шараларын қамтыды.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінде елімізде балалар құқығын бұзудың алдын алу және оларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үйлестіруде негізгі рөл атқаратын 235 комиссия қызмет етеді. Олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 2024 жылы нормативтік базаға елеулі өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде жағдайды басқару (кейс-менеджмент) және медициналық-әлеуметтік есепке алу моделін енгізу де бар.

Отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатын болады. Бұл қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды және олардың отбасын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар арасындағы өзара әрекеттесу нақты ажыратылатын болады. Бұл балалардың құқығын қорғау жүйесінің жалпы тиімділігін арттырады және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді жақсартып, мұқтаж балаларға көмек көрсетуді айтарлықтай жылдамдатады, – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Аталған шаралар балалардың құқығын қорғау жүйесін нығайтуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір балаға уақтылы, сапалы көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама