Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді

Бүгінде елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады

 Динара Амантай 21.10.2024 | 11:02
Қазақстанда «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, учаскелік дәрігерлер денсаулық индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді. Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі. Гравидаралды даярлық – денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені. Еліміздің әрбір әйелі жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды. Еліміздің әрбір әйелін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз, – деді министрлік өкілдері.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы – фертилдік жастағы әйел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама