Біреуін бастан атамын деп қорқытқан
Алматы тауларында мотоцикл жүргізушілеріне оқ атып, қорқытқан шопан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Эндуристердің айтуынша, 44 жастағы ер адам мас болған, тіпті олардың біреуінің басын нысанаға алған.
Видео оқиғадан кейін бірден желіде пайда болды. Оның авторының айтуынша, эндуристер тауға шығып бара жатқанда кенет алдынан мылтық ұстаған мас адам шығып, олардың біреуін бастан атамын деп қорқытқан.
Кадрдан мылтықтың атылған дауысы естіледі және мотоциклдердің бірінің дөңгелегі тесілген.
Жігіттер бірден полицияға қоңырау шалған. Ал шопан оның бәрін жоққа шығарып отыр.