Балқашта сегіз адам эвакуацияланды

Қымбат Елтайқызы

Олардың қатарында үш бала бар

фото: Halyq Uni

ТЖМ күштері өрт кезінде 8 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Балқаш қаласы Мира көшесінде 4 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үй бөлмесі отқа оранды.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері мекеменің ас үйінде қуырғышта май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.

Есіңізде болсын! Егер май жанса:

  • Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
  • Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
  • Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз – бұл қауіпті;
  • Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.