Балқашта сегіз адам эвакуацияланды
Олардың қатарында үш бала бар
ТЖМ күштері өрт кезінде 8 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Балқаш қаласы Мира көшесінде 4 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үй бөлмесі отқа оранды.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері мекеменің ас үйінде қуырғышта май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
Есіңізде болсын! Егер май жанса:
- Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
- Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
- Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз – бұл қауіпті;
- Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.