×

Шетелден келген сәлемдемеден психотроптық зат табылды

Олардың арасында гашиш майы да болды

 Қымбат Елтайқызы 20.10.2024 | 13:20
фото: polisia.kz

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты.

Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды. Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды, – делінген ақпаратта.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама