×

Кентауда өрттен қорыққан 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті

Алған жарақаттардан ол ауруханада көз жұмды

 Динара Амантай 13.06.2022 | 18:09
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Кентау қаласында пәтер өртеніп, 8 жастағы бала 5-қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күндізгі сағат 12:47 шамасында Төлеби көшесіндегі №61 үйдің 5 қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Пәтер ішінде қалған екі жасөспірімнің бірі қорыққанынан 5 қабаттан секіріп кетті. Өкінішке қарай, ол ауруханада көз жұмды. Ал, үй ішінде қалған 10 жасар қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр, – деп мәлімдеді ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Төлегенов.

Оның айтуынша балалардың әкесі вахталық қызметте болған. Ал анасы жұмысқа кеткенде есікті құлыптап кетіпті. Салдарынан екі жасөспірім есіктен шыға алмай қалған.

Өртті сөндіруге 9 қызметкер жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Алғашқыда ас бөлме өртенген. Кейін будақтаған жалын өзге бөлмелерге жайылып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама