×

Қауіпті хризантемалар Нидерландыға қайтарылды

Бұндай гүлдер аса қауіпті саналады

 Қымбат Елтайқызы 20.10.2024 | 10:09
фото: АШМ

Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті хризантема көшеттеріне фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында «ақ тот жұқтырған хризантема» (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісін анықтады, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген болатын. Олардан алынған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді. Экспертиза нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататын объект екенін растады, – деп қосты ведомство.

Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды. Карантинге жататын объектінің енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама