Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел үйінде көз жұмды

Жедел жәрдем шақырылғанмен, дәрігерлер оған көмек көрсетіп үлгермеген

 Халық үні 19.10.2024 | 22:27
Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел үйінде көз жұмды
фото: Halyq Uni

Ақмола облысының Бестөбе ауылында 34 жастағы әйел жетінші баласына жүктіліктің 34-аптасында қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni Nayzakokshe-ге сілтеме жасап.

Марқұм 6 баланың анасы болған. Туыстарының айтуынша, ол шаршағанын айтып, демалуға жатқан, бірақ содан кейін оянбай қалған. Қайғылы оқиға болған кезде үйде балалары, жұбайы және ата-анасы болған. Жедел жәрдем шақырылғанмен, дәрігерлер әйелге көмек көрсетіп үлгермеген. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, әйелдің өліміне «жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі» себеп болған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарына көңіл айтамыз, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар Ақмола облысының полиция департаменті де бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Олардың мәліметінше, әйелдің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама