«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт көпшіліктен көмек сұрады
Кибер-сталкинг деген – осы, міне! – дейді жәбірленуші
Белгілі журналист Дана Нұржігіт әлдекімдердің өзін ұлымен қорқытқанын мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін видеоның астына біреулер «Жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп жазған.
Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынадай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлыммен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғызбасты анамын. Балам кәмелет жасына толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп-біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген – осы, міне! Мен көмек сұраймын! - деп жазды Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасына.