Семейде 13 жастағы қызды ерлікпен құтқарған полицей көз жұмды
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Абай облысының Омбы-Майқарағай автожолында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 18 қазанда болған.
Омбы-Майқапшағай автожолында 3 көлік жол апатына түсті. Салдарынан 3 азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов қайтыс болды, - деп мәлімдеді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болған полиция қызметкері биыл наурызда 13 жастағы қызды аңдып жүрген қылмыскерден құтқарған болатын. Жасөспірімді құтқару кезінде полицей пышақ жарақатын алған.