Парижде «Көшпенділер әуендері» орындалды
Абай мен Құрманғазы туындылары тыңдарманды тамсандырды
Парижде «Көшпенділер әуендері» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Париж қаласында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды. Концерт Багатель саябағындағы жылыжайда ұйымдастырылды. Париж жұртшылығы музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады, деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ансамбль қазақстандық және түркі композиторларының шығармаларын орындады. Концерт бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Владимир Стригоцкий-Пак, Алмас Серкебаев пен Хабибулла Сетековтың туындылары болды, – деп қосты ведомство.
Іс-шараны Париж ботаникалық бағының кураторы мен Париж мэриясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, Багатель ботаникалық бағының 10 жылдық мерейтойына орай Ботаника және фитоинтродукция институтында өсірілген Қазақстан өсімдіктерінің үлгілері сыйға тартылды.