Halyq Uni логотип
×

ҰҚК Ақмола облысында есірткі зертханасын жойды

Бір адам қылмыс үстінде ұсталды

 Қымбат Елтайқызы 19.10.2024 | 13:08
ҰҚК Ақмола облысында есірткі зертханасын жойды
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биылғы қыркүйекте ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты, деп мәлімдеді ҰҚК.

Қазақстан азаматы есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде құрықталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 7 кг-ға жуық «мефедрон» психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді, – деп қосты ведомство.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама