Бүгін – Құтқарушы күні
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, әскери қызметшілері, құтқарушылары, курсанттары және қызметшілері, баршаңызды кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Бүгін сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын, – деді генерал-майор.
«Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!», – деп түйіндеді ведомство басшысы.