Ақтауда жойқын жарылыстың алды алынды

Қымбат Елтайқызы

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

фото: Halyq Uni

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде газ баллондарын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтау қаласының 29А шағын ауданында ЖШС-тің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанды.

ТЖМ күштері сыйымдылығы 50 литр болатын 3 газ баллонын жане бір оттегі баллонын эвакуациялады. 60 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді, – деп қосты ведомство.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.