Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Елордада көпқабатты үйлердің бірінің маңынан бойжеткеннің денесі табылды. Қалалық ПД баспасөз қызметі оның 24-қабаттан құлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желіде тараған болатын.
Астана қалалық полиция департаментінің дерегінше, бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция басқармасына кіреберіс маңында қыз баланың денесі жатқаны туралы хабарлама түскен.
Полиция оқиға орнында марқұмның 22 жастағы қыз екенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, ол биіктен құлап кеткен. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды, - делінген мәліметте.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.