Halyq Uni логотип
×

Ақтауда жедел жәрдемге пранк жасаған тұрғын айыппұл арқалады

Бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл ұлғайтылады

 Халық үні 18.10.2024 | 21:57
Ақтауда жедел жәрдемге пранк жасаған тұрғын айыппұл арқалады
фото: Halyq Uni

Ақтау тұрғынына жедел жәрдем бригадасын шақырғаны үшін 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Өйткені ол медицина мамандарын әзілдеп шақырған, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

Жедел жәрдем бригадасы шақыруға барғанда, тұрғын оларды пранк ұйымдастыруға шақырғанын айтқан, – деп мәлімдеді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, апаттық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін (2024 жылы 221 520 теңге) ұлғайтылады.

Нәтижесінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама