Бермеген жағдайда оның тәртіп бұзған видеосын жариялайтынын айтқан
Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты полицейден 150 мың теңге бопсалаған екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Қылмыскерлерге қатысты тергеу 2021 жылдың 27 қазанында басталған.
Тергеу кезінде Қарағандының 28 және 29 жастағы тұрғындары полицейден 150 мың теңге беруін талап еткені анықталды. Бермеген жағдайда оның тәртіп бұзған видеосын жариялайтынын айтқан.
Полицей полиция департаментіне шағым түсіріп, аталған тұрғындарды жауапқа тартуды сұраған. Тергеу шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктілерді ұстады. Сонымен қатар олардан заңға қайшы әрекеттерін дәлелдейтін айғақтар табылды, – делінген хабарламада.
Наурыз айында күдіктілерге қатысты материалдар сотқа жіберілген. Іспен танысқан сот екі жігітті «Қорқытып алу» бабы бойынша кінәлі деп танып, үкім шығарды. Нәтижесінде күдіктілердің бірі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі дәл осы берзімге бас бостандығынан шектелді.