×

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

Бұған дейін 10 адам қамалды

 Халық үні 18.10.2024 | 14:50
Фото: Halyq Uni

Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы полициясы хабарлады.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі 10 адамның қамауға алынғанын хабарлаған.

Кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті ұсталды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасып жатыр, - деп хабарлады Алматы облысы полициясы.

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында. 

Айта кетейік, қылмыстық іс кісі өлтіру және бұзақылық бабы бойынша қозғалған. Күдіктілердің арасында бұрын қылмыстық іс бойынша сотталған азаматтар бар.

Оқиға орнынан 3 пышақ, бір мылтық тәркіленді. Олардың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама