Жамбыл облысында 15 адам эвакуацияланды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Динара Амантай
18.10.2024 | 14:04
Жамбыл облысында ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сарысу ауданының Жаңатас қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 3-қабатында балкон жанды.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
Өрт 5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.