AFSA лицензиялаған компаниялар ғана қаржылық қызмет көрсете алады
Астана халықаралық қаржы ортылығы (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қазақстандықтарға Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab лицензиясының мерзімі өткенін ескертеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
АХҚО мәліметінше, аталған компанияның лицензиясы биыл 1 шілдеде аяқталған.
Proportunity Management Company Limited ЖШС АХҚО-да тіркелген мекенжайы бар. Алайда компанияның өзінің қаржылық қызметтерін, соның ішінде исламдық банктік бизнес пен исламдық қаржыландыруға қатысты қызметтер мен өнімдерді халыққа ұсынуға немесе ілгерілетуге AFSA-да лицензиясы жоқ.
Айта кетейік, АХҚО-да AFSA лицензиялаған компаниялар ғана қаржылық қызмет көрсете алады.
AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті лицензиясы бар. Сондықтан комитет АХҚО компанияларымен ғана байланыс жасауға кеңес береді.
Тұтынушыларға лицензия мәртебесін AFSA сайтындағы жария тізілімде тексеруге және өздері насихаттайтын немесе жарнамалайтын қызметті іске асыруға AFSA-дан рұқсат алмаған компаниялармен мәміле жасауға кеңес берілмейді.