×

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті

Тағы бір жол апаты болды

 Қымбат Елтайқызы 13.06.2022 | 16:50
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласында Mazda-626 автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі 12-ықшам аудандағы 25-үйдің ауласында келе жатып, кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 жастағы бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Жүргізушілер, балалар жол қозғалысының ең күтпеген қатысушылары екенін естен шығармаңыздар. Әсіресе, балаларға арналған ойын-сауық кешендері жанында, аула аумақтарында және «Балалар» белгісі белгіленген орындарда абай болыңыздар», – деп ескертті Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Алматыда көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті. Футболшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Жетісу облысында автобус аударылып, бір адам мерт болды. Қостанайда адам қағып өлтірген әкімдік жүргізушісі екі жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама