Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда санитарлық-карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады
Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты. Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуі және «омикрон» штамының айналымы мәселелері қозғалды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Ол эпидемиялық жағдайдың күрделеніп жатқанын атап өтті. Тек соңғы тәулікте 4 мыңнан астам адамда вирус анықталды. Қазірдің өзінде 4 өңір «қызыл аймаққа» енді, – дейді үкімет.
Ведомствоаралық комиссия инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитариялық-карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда:
Сондай-ақ «қызыл аймаққа» кірген Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында шектеу шараларын күшейту ұсынылды. Атап айтқанда:
Кеңес соңында вице-премьер әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау әрі ревакцинациялау қарқынын күшейтуді, үкімет қабылдаған шаралардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды.