Halyq Uni логотип
×

Жетісуда Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды (ВИДЕО)

Залал мөлшері 1,5 млн теңгені құрады

 Қымбат Елтайқызы 17.10.2024 | 14:49

Жетісу облысының тәртіп сақшылары браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, 2024 жылы Ескелді ауданының аумағында жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегі тіркелді. Tank автокөлік жүргізушісі жолдасымен бірге Қызыл кітапқа енген сібір елігін аулау арқылы заңды бұзды. Күдіктілер 38 және 43 жастағы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

Сақшылар операция барысында Иж-27 мылтығы, Вепрь-308 карабині мен 32 оқ-дәріні тәркіледі, – делінген ақпаратта.

Күдіктілердің екеуі де құрықталды әрі қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала келтірілген залалдың сомасы бір жарым миллион теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама