Тағы бір есірткі қылмысы тіркелді
Биылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстанның 3 азаматы құрықталып, сот санкциясымен қамауға алынды, – деп мәлімдеді ҰҚК.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.