Қазақ тіліне қатысты екінші рет дау тудырған Черчесовке айыппұл салынды

Халық үні

Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шығып кетті, - деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов

фото: championat.com

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты әзілінен кейін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚФФ басшысы Әділет Барманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қателіктер бар. Біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шығып кетті. Мен онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдылығын түсіндірдім. Біз онымен әңгімелесу түрінде жұмыс өткіздік. Оған айыппұл салынды, - деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.

Сондай-ақ ол салынған айыппұл көлемі 200 АЕК немесе 738 400 теңгені қамтитынын атап өтті.

Еске сала кетсек, Словениямен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде «Пари Сен-Жермен» клубының формасымен отырған журналист жаттықтырушыға қазақ тілінде сұрақ қойған болатын. Формасына қарап, Черчесов журналистен: «Сіз француз тілінде сөйлеп отырсыз ба?» деп әзілдеген еді.

Осыдан кейін Туризм және спорт министрлігі федерациядан осы жағдайға байланысты түсінік беруді талап еткен болатын.