Күдікті қарсыласын көтеріп, еденге лақтырған
Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның бірі екіншісін жерге құлатып, соққының астына алған. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Содан кейін бетінен бірнеше рет ұрған.
Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. Ал 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.
22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қаралып жатыр.