×

Жаңа облыстардағы көліктерге қандай нөмір берілуі мүмкін?

Бүгінде Қазақстандағы облыстардың саны 17-ге жетті

 Дәурен Ерболат 13.06.2022 | 16:32
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Бұл сұрақ Ішкі істер министрлігіне қатысты. Менің ойымша, бұл облыстарда көліктердің нөмірі алфавиттік тәртіпте 18, 19, 20 болады. Алайда мен бұл сұрақтың нақты жауабын білмеймін. Бұл мәселе талқыланған жоқ, ол біздің құзыретімізде емес», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Жаңа облыстардағы көліктерге нөмір алфавиттік тәртіппен берілсе, ол төмендегідей болады:

  • Абай облысы – 18-өңір,
  • Жетісу облысы – 19-өңір,
  • Ұлытау облысы – 20-өңір.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты ақпарат алдағы уақытта берілетінін атап өтті.

Еске салайық, биыл Қазақстанда жаңа 3 облыс құрылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама