Алматыда қару иелері тексеріліп жатыр

Қымбат Елтайқызы

Тағы бір қауіпсіздік шарасы қолға алынды

фото: ҰҚК

Алматының тәртіп сақшылары азаматтық қару иелерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Алматыда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсаттардың бірі – тіркелген атыс қаруын қолданумен жасалуы мүмкін қылмыстың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ тіркелген қаруы бар адамдар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін сақтау мақсатында сақшылар олардың иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп жатыр.

Полицейлер қазірдің өзінде 9400-ден астам азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижесінде олардың 183-інде азаматтық қаруды сақтау шарттарын, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзу деректері анықталды. Олар жауапкершілікке тартылды. Аталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін 141 есепте тұрған қару тәркіленді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық меншік нысанындағы кәсіпорынның, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың рұқсат беру жүйесінің ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданып жатыр, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қару-жарақ мәселесіне бейқам қарамауға шақырады.

«Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы барлық заңнамалық талапты бұлжытпай және адал орындаңыздар, рұқсаттардың қолданылу мерзімін және оларды тұрғылықты жеріңізде сақтау ережелерін қатаң сақтаңыздар», – деді Құлбаев.